KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін 

Педагогтердің білімін бағалау

  

Педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) – педагогтің білім деңгейін анықтау мақсатында өткізілетін тестілеу рәсімі. 

Қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін ПББ екі блоктан, барлығы 50 тест тапсырмасынан тұрады:

- бірінші блок «Педагогика негіздері» - 30 тапсырмадан тұрады;

- екінші блок «Психология негіздері» - 20 тапсырмадан тұрады.

Педагогтердің білімін бағалау бойынша тестілеу тапсырудың уақыты 80 минутты құрайды.

Тапсырмалар қолданыстағы нормативтік құжаттар ,стандарттар, типтік бағдарламалар, тест спецификациялары, әдістемелік ұсынымдар, техникалық тапсырмалар және т.б. негізінде жасалады.

Тест спецификациясы – тест тапсырмаларының базасын жасау бойынша, жұмыстың құрылымы мен мазмұнын айқындайтын құжат. Тест спецификациясы тесттің негізгі сипаттамалары, тест тапсырмаларының мазмұны және нысандарын тұтастай қамтиды. Спецификацияда тест мақсаттары, міндеттері, жоспары және құрылымы, туралы ақпарат, сондай-ақ тест тапсырмаларының әзірлемесіне және тест материалдарына іріктелуіне қойылатын негізгі талаптар көрсетіледі.

Тест тапсырмалары тест тапсырмаларының базасына енгізілгенге дейін бірінші және екінші сараптамадан, бірінші және екінші түзетуден, сондай-ақ апробациядан өтеді.

Тест тапсырмаларының бірінші, екінші сараптамасы әзірленген тест тапсырмаларының сапасын кешенді бағалау және оларды редакциялау мақсатында жүзеге асырылады. Әзірлеушілер мен сарапшылар ретінде оқыту мен оқу жетістіктерінің сапасын бағалауда тәжірибесі бар, облыстық, қалалық білім басқармалары ұсынған білім беру ұйымдарының педагогтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылады.


Тест құрылымы

Блок

Тапсырма саны

Тапсырманың формасы

Уақыт (минут)

Педагогика негіздері

30

Бір дұрыс жауапты тапсырма

80

Психология негіздері

20



ПББ  балдарын бөлу

Санаттар

Блок

Пән бойынша балдар

Біліктілік тестінен өту үшін (%)

Біліктілік тестінен өту үшін (балдар)

Педагог

«Педагогика негіздері»

30

50%

25

«Психология негіздері»

20

Педагог - модератор

«Педагогика негіздері»

30

60%

30

«Психология негіздері»

20

Педагог - сарапшы

«Педагогика негіздері»

30

70%

35

«Психология негіздері»

20

Педагог - зерттеуші

«Педагогика негіздері»

30

80%

40

«Психология негіздері»

20

Педагог – шебер

«Педагогика негіздері»

30

90%

45

«Психология негіздері»

20



Бағалау:

Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.