KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Педагогтің білімін бағалау (бұдан әрі - ПББ) - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 27 қаңтардағы бұйрығымен бекітілген №83 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын және арнайы оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагогтерді және білім және ғылым саласындағы басқа да азаматтық қызметшілерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарын бекіту туралы» қағидалары мен шарттарына (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2024  жылғы 2 сәуірдегі № 72 бұйрығымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген) сәйкес жүргізіледі.

ПББ нәтижесімен келіспеген жағдайда педагог ПББ өткізу залынан шықпай-ақ, әрбір тапсырма бойынша дәлелді (толық түсіндірмесі, тапсырмалардың қадамдық шешімі және т.б.) негіздемесімен компьютерлік тестілеу жүйесі арқылы апелляцияға өтініш беруге құқылы. ПББ өткізу залынан шыққаннан кейін апелляцияға педагогтің өтініші қабылданбайды.

Барлық тапсырмаларды дәлелді негіздемесіз (толық түсіндірме, тапсырмаларды кезең-кезеңімен шешу және т.б.) қайта қарау бойынша апелляцияға берілген өтініштер әрбір тапсырма бойынша қарауға жатпайды.

Апелляция мынадай жағдайларда:

  1. тест тапсырмаларының мазмұны бойынша:

дұрыс жауаптың негіздемесімен келіспегенде;

дұрыс жауап болмағанда;

бірден көп дұрыс жауап болғанда;

тест тапсырмасы дұрыс құрастырылмаған жағдайда;

2) тапсырмаларда фрагменттің немесе мәтіннің болмаған жағдайында техникалық себеп бойынша қаралады.

Апелляцияны өткізу үшін білім беру саласындағы уәкілетті орган компьютерлік тестілеу жүйесінде апелляцияға өтініштерді қабылдауды қамтамасыз ететін Апелляциялық комиссия құрады.

Аппеляциялық комиссия құрамына мемлекеттік органдар өкілдері мен білім беру ұйымдарының педагогтері кіреді.

Апелляциялық комиссия тақ саннан тұрады. Апелляциялық комиссияның мүшелері комиссия отырыстарына ауысу құқығынсыз қатысады.

Апелляциялық комиссия өкілеттігінің қолданылу мерзімі бір жылды құрайды.

Апелляциялық комиссияның шешімі түпкілікті болып табылады және қайта қарауға жатпайды.

Апелляциялық комиссиянының қарау мерзімі 15 (он бес) жұмыс күнін құрайды.