KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

2020 жылғы Ұлттық біліктілік тестілеуінің қорытындысы туралы ақпарат (қыркүйек - желтоқсан)

Ұлттық біліктілік тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ) республика бойынша 2020 жылғы 14 қыркүйек пен 21 желтоқсан аралығында Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық жасақтаманың көмегімен электрондық форматта     «U-FUTURE» Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктігінің 18 аймақтық тестілеу орталықтарында тестілеу өткізілді.

      ҰБТ келесі бағыттарда өткізілді:

      - жалпы орта білім беру педагогтері үшін;

      - қосымша білім беру ұйымдарының педагогтері үшін;

      - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері үшін;

      - әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлері үшін;

      - білім беру ұйымдарының басшылары үшін.


2020 жылғы қазан айынан бастап техникалық, кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының педагогтері үшін (жалпы білім беретін пәндер бойынша, арнайы пәндер бойынша, өндірістік оқыту шеберлеріне) тестілеу өткізілді.

         ҰБТ-ға қатысу үшін 103951 педагог өтініш берді.

Тестілеуге қатысқандардың саны – 97879 (94,17 %), оның ішінде қазақ тілінде  – 71026 (72,57 %), орыс тілінде – 25814 (26,37 %), өзбек тілінде – 830 (0,85 %), тәжік тілінде – 68 (0,07 %), ұйғыр тілінде – 141 (0,14 %) адам тестілеуге қатысты.

ҰБТ қорытындысы бойынша шекті деңгейден 40027 (40,9 %) педагог өтті.



/pedagogam/nkt/itogi-nkt-2019/