KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог қызметкерлерінің

Ұлттық біліктілік тестілеуі

            Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс атқаратын педагогтар үшін ұлттық біліктілік тестілеу екі блоктан тұрады, барлығы 60 тест тапсырмасы:

  • бірінші блок «Мектепке дейінгі педагогика және психология» 30 тапсырмадан тұрады;
  • екінші блок «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі» 30 тапсырмадан тұрады.

            Ұлттық біліктілік тестілеудің жалпы уақыты жүз жиырма минутты құрайды.

            Тапсырмалар қолданыстағы нормативтік құжаттар (стандарттар, типтік бағдарламалар, тест спецификациялары, әдістемелік ұсынымдар, техникалық тапсырмалар және т.б.) негізінде жасалады.

            Тест спецификациясы – тест тапсырмаларының базасын жасау бойынша, жұмыстың құрылымы мен мазмұнын айқындайтын құжат. Тест спецификациясы тесттің негізгі сипаттамалары, тест тапсырмаларының мазмұны және нысандарын тұтастай қамтиды. Спецификацияда тест мақсаттары, міндеттері, жоспары және құрылымы, туралы ақпарат, сондай-ақ тест тапсырмаларының әзірлемесіне және тест материалдарына іріктелуіне қойылатын негізгі талаптар көрсетіледі.

            Тест тапсырмалары тест тапсырмаларының базасына енгізілгенге дейін бірінші және екінші сараптамадан, бірінші және екінші түзетуден, сондай-ақ апробациядан өтеді.

            Тест тапсырмаларының бірінші, екінші сараптамасы әзірленген тест тапсырмаларының сапасын кешенді бағалау және оларды редакциялау мақсатында жүзеге асырылады. Әзірлеушілер мен сарапшылар ретінде оқыту мен оқу жетістіктерінің сапасын бағалауда тәжірибесі бар, облыстық, қалалық білім басқармалары ұсынған мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтары, сондай-ақ жоғары оқу орындарының оқытушылары тартылады.

 

Тест құрылымы

Блок

Тапсырмалар саны

Тапсырманың формасы

Уақыт (минут)

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

Бір дұрыс жауапты тапсырма

60

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

Бір дұрыс жауапты тапсырма

60


Балдардың шектік деңгейін анықтау

Санат

Блок

Пәндер бойынша балл

Біліктілік тестінен өту үшін
(%)

Біліктілік тестінен өту үшін
(балл)

   Педагог  

Мектепке дейінгі педагогика және психология

     

30

 50%

     

15

   

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

     

30

     

30%

     

9

Педагог-модератор

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

60%

18

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

40%

12

Педагог-сарапшы

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

70%

21

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

50%

15

Педагог-зерттеуші

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

80%

24

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

60%

18

Педагог-шебер

Мектепке дейінгі педагогика және психология

30

90%

27

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту әдістемесі

30

70%

21



Бағалау:

Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.




/pedagogam/nkt/doshkolnoe-obrazovanie/