Ұлттық біліктілік тестілеу екі блокқа бөлінеді және барлығы 100 тест тапсырмасынан тұрады:
бірінші блок «Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша 70 тапсырма,
екінші блок «Педагогика, оқыту әдістемесі» бойынша 30 тапсырма.
Тестілеудің жалпы уақыты – 3 сағат 30 минут (210 минут), ал математика, физика, химия, информатика пәндері үшін – 4 сағат (240 минут).
«Оқыту пәнінің мазмұны» бойынша тест тапсырмалары педагог қызметкерлердің терең академиялық білімін, практикалық икемділігі мен дағдыларын тексеруге бағытталған. Ол үшін 3 түрлі формадағы тапсырмалар қолданады:
бір дұрыс жауабы бар 50 тапсырма,
бір немесе бірнеше дұрыс жауабы бар 10 тапсырма,
екі мәнмәтінге (бір дұрыс жауабы бар) 10 тапсырма.
Мәнмәтіндік тапсырмаларда бір мәнмәтінге 5 тапсырма беріледі. Мәнмәтін (ғылыми, көркем мәтін), таблица, схема, графика, суреттер түрінде немесе бірнеше ақпаратты бірден беруі мүмкін. Осы тапсырмаларды жақсылап орындау үшін мәнмәтінмен және берілген тапсырмаларымен мұқият танысу керек. Дұрыс жауап мәнмәтінде (контекст) немесе тапсырмаларда берілуі мүмкін.
Бағалау:
Бір дұрыс жауап таңдалған тапсырма үшін 1 балл, дұрыс орындалмаған тапсырмаға 0 балл беріледі.
Бір немесе бірнеше дұрыс жауап нұсқасынан:
барлық дұрыс жауаптар үшін - 2 балл,
бір қате жіберілген жағдайда - 1 балл,
екі және одан көп қате жауаптар үшін - 0 балл беріледі.
«Педагогика, оқыту әдістемесі» блогы бойынша ұсынылатын әдебиеттер:
1. «Общая педагогика»в 2-х томах.Сластенин В.А., Исаев И.Ф., Шиянов Е.Н./ Москва: Академия,2003 г.
2. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы және Кембридж университетінің білім беру факультетімен бірлесіп құрастырған «Мұғалімге арналған нұсқаулық» – Астана: «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ, 2017.