2019 жылғы орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұран әрі – ОБ ОЖСБ) 17 – 25 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының 4, 9 және 11 сыныптарында өткізілді. Барлығы 785 мектеп, 122 252 оқушы қатысты.
4-сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен өткізілді.
Тестілеу 2 пән бойынша өткізілді: математика және оқу тілі (қазақ/орыс тілі).
Қатысқандар саны: 62 691 оқушы, оның ішінде
қазақ тілінде – 40 574;
орыс тілінде – 22 117.
Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 30 балдан): 19,78 балл, оның ішінде
қазақ тілінде – 19,56,
орыс тілінде – 20,17.
9- сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді.
Тестілеу 2 пән бойынша өткізілді: қазақ тілі – міндетті пән, екінші пән – жалпы білім беретін пәндердің бірі.
Қатысқандар саны: 46 032 оқушы, оның ішінде
қазақ тілінде – 29 658,
орыс тілінде – 14 827,
тәжік тілінде – 131,
өзбек тілінде – 1321,
ұйғыр тілінде – 95.
Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 75 балдан): 40,08 балл, оның ішінде
қазақ тілінде – 39,16,
орыс тілінде – 42,15,
тәжік тілінде – 24,22,
өзбек тілінде – 37,40,
ұйғыр тілінде – 62,63.
11-сыныптағы ОБ ОЖСБ кешенді тестілеу түрінде сұрақ-кітапша мен жауап парағының көмегімен, сонымен қатар компьютерлерді қолдану арқылы онлайн тәртіпте өткізілді.
Тестілеу 3 пән бойынша өткізілді: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, физика (қазақ/орыс тілінде оқытатын мектептер), алгебра және анализ бастамалары (ұлттық мектептер).
Қатысқан оқушы саны: 13 529 оқушы, оның ішінде
қазақ тілінде – 8 882,
орыс тілінде – 3 765,
тәжік тілінде – 124,
өзбек тілінде – 738,
ұйғыр тілінде - 20.
Республика бойынша орташа балл (мүмкін болған 100 балдан): 57,30 балл, оның ішінде
қазақ тілінде – 58,10,
орыс тілінде – 56,34,
тәжік тілінде – 41,94,
өзбек тілінде – 54,48,
ұйғыр тілінде – 81,35.