KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы

Білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 24 шілдедегі (2021 жылғы 8 қаңтардағы өзгерістер және толықтырулармен) «Білім туралы» Заңының 55-бабының 4-тармағына сәйкес Орта білім берудегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында білім алушылардың білім жетістіктерінің мониторингі (бұдан әрі – ББЖМ) болып өзгертілді.

Бастауыш және негізгі орта білім беру ұйымдарында ББЖМ білім беру ұйымдарынан тәуелсіз, оқыту сапасын жүйелі бақылау, бастауыш және негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.

ББЖМ әдістемелік көмек көрсете және білім беру сапасын қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар әзірлей отырып, тестілеу нәтижелерін дайындауды және жүргізуді, өңдеуді және жүйелі талдауды қамтиды.

ББЖМ 4-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (бұдан әрі – АКТ) қолдана отырып, оқыту тілінде үш бағыт: оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық бойынша жүргізіледі.

ББЖМ 9-сыныптарда кешенді тестілеу нысанында АКТ қолдана отырып, үш бағыт: математикалық сауаттылық, жаратылыстану-ғылыми сауаттылық, оқу сауаттылығы (орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде мәтіндер) бойынша жүргізіледі.

Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторинг жүргізу қағидалары

ББЖМ тест спецификациялары

/shkolnikam/modo.php