8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. ПҚБТ нәтижелері

ПҚБТ онлайн байқау сынағы

Ұлттық тестілеу орталығы (ҰТО)  педагог қызметкерлерге арналған онлайн байқау сынағын өткізеді. Онлайн байқау сынағы тестілеуін өткізу технологиясы негізгі біліктілік тестілеуінің технологиясымен сәйкестендірілген, яғни тестіленуші 3 бөліктен: «ҚР заңнамасын білу», «Педагогика және психология негіздері» және «Пәндік білім негіздерінен» тест тапсырады.

Онлайн байқау сынағы барлық мұғалімдерге, әсіресе ағымдағы жылы мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлерге ұсынылады. Онлайн байқау сынағы тестілеуінің арқасында мұғалім өзінің біліктілік деңгейін тексеріп, негізгі біліктілік тестілеуге дайындалу мүмкіндік бар және бағдарламалық құрылымның интерфейсімен таныса алады.

Онлайн байқау сынағы ақылы түрде өткізіледі, бір реттік тестілеу құны 264 теңге. Тестілеу ақысын ҰТО-ның реквизиттері бойынша Халық банкі немесе Казпошта, сонымен қатар «Касса 24» терминалы арқылы төлеуге болады.

Тестіленуші өзіне қолайлы төлемақыны өтеу тәсілін қолданады

Төлемақы  Халық банкі немесе Казпошта арқылы жүргізілген жағдайда, тестіленуші түбіртекті ҰТО филиалдарына тапсырады. ҰТО филиал қызметкерлері тестіленушіні тіркеп, байқау сынағын өту үшін оларға тіркеу парағын береді.

Әрбір тестіленушінің байқау сынағын бірнеше рет өту мүмкіндігі бар.Тестілеу нәтижесі сол сәтте шығады, еш жерде жарияланбайды және мұғалімнің кәсібіне әсер етпейді.

Ол үшін тестілеуден өтуге ниет білдіруші:

  • «Касса 24» төлем терминалында  «Білім беру қызметтері» бөлімінде «Национальный центр тестирования» түймешегін таңдайды;

  • берілген қызметтерден «ПҚБТ онлайн байқау сынағы»  қызметін таңдайды;

  • өзінің электронды поштасы мен тестілеуден өту санын енгізеді;

  • терминалда көрсетілген мөлшерде төлем жасайды;

  • тестілеу логині мен паролі төлем жасаған соң көрсетілген электронды поштаға автоматты түрде келеді.

Тестілеу логині мен паролін алғаннан кейін оқушы интернет желісіне қосылған кез-келген компьютерде білімін тексере алады.

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК-ның реквизиттері:

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ624500339860000388

БИК  ASFBKZKA     КБе 16

«Астана Банкі» АҚ

НЕМЕСЕ:

«Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  ҚР БҒМ

010011 Астана қ., Жеңiс д., 60

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX     КБE 16

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

Онлайн байқау сынағын тапсыру 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ