8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. КТ-қайта тапсырушылар және ауысушылар нәтижелері

ПҚБТ онлайн байқау сынағы

Ұлттық тестілеу орталығы(ҰТО)  ағымдағы жылдың қыркүйек пен желтоқсан айлары аралығында педагог қызметкерлерге арналған онлайн байқау сынағы тестілеуін өткізеді. Онлайн байқау сынағы тестілеуін өткізу технологиясы негізгі біліктілік тестілеуінің технологиясымен сәйкестендірілген, яғни тестіленуші 3 бөліктен: ҚР заңнамасын білу, Педагогика және психология негіздері және «Пәндік білім негіздерінен» тест тапсырады.

Онлайн байқау сынағы барлық мұғалімдерге, әсіресе ағымдағы жылы мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлергеұсынылады. Онлайн байқау сынағы тестілеуінің арқасында мұғалім өзінің біліктілік деңгейін тексеріп, негізгі біліктілік тестілеуге дайындалады және бағдарламалық құрылымның интерфейсімен таныса алады.

Тестілеу ақылы, 1 реттік тестілеу құны 264 теңге. Тестіленуші тестілеу ақысын ҰТО-ның реквизиттері арқылы төлеп, түбіртектің түпнұсқасын Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу пунктіне (ҰБТӨП) тапсырады. ҰБТӨП-те тіркеуден өтіп, тіркеу парағы беріледі. Сол тіркеу парағымен тестіленуші тестілеуден өте алады.

Әрбір тестіленушінің байқау сынағын бірнеше рет өту мүмкіндігі бар, бірақ тестілеу нұсқаларының қайталануы мүмкін.Тестілеу нәтижесі сол сәтте шығады, еш жерде жарияланбайды және мұғалімнің кәсібіне әсер етпейді.

Онлайн байқау сынағын тапсыру 



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ