8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Результаты КТПР 2016 / 2016 ПҚБТ нәтижелері
Оқушылар мен педагогикалық қызметкерлергеПедагог қызметкерлердіің біліктілігін тестілеу (ПҚБТ)

Педагог қызметкерлердің біліктілігін тестілеу (ПҚБТ)

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (ары қарай – ҚР БҒМ) 2016 жылғы 27 қаңтардағы №83 бұйрығымен бекітілген, Мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында жұмыс істейтін педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкес, мерзімінен бұрын аттестаттауға үміткер педагог қызметкерлер біліктілік тестілеуден өтеді.

Біліктілік тестілеу – ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген тест тапсырмалары бойынша педагогикалық қызметкерлерді мезгілінен бұрын аттестаттау кезінде кәсіби құзыреттілік деңгейін анықтау үшін өткізілетін міндетті кезеңдердің бірі.

Тестілеу 15 қазан мен 15 желтоқсан аралығында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, білім саласындағы уәкілетті орган, қарамағында білім ұйымдары бар салалық мемлекеттік органдар бекіткен кестеге сәйкес өткізіледі.

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуікешенді тестілеу түрінде, «ҚР Заңнамаларын білу», «Педагогика және психология негіздері», «Пәндік білім негіздері» бойынша өткізіледі:


р/с

Тестілеу блоктары

Тест тапсырмалар саны

Шектік деңгей

1

ҚР Заңнамасын білу

20

50%

2

Педагогика және психология негіздері

20

50%

3

Пәндік білім негіздері

20

70%

Барлығы

60

 

«ҚР Заңнамасын білу» блогы педагог қызметкердің ҚР Ата Заңы, ҚР «Білім туралы», «Бала құқықтары туралы» Заңдары, ҚР Еңбек кодексі бойынша білімін тексереді. «Педагогика және психология негіздері» блогытәрбие теориясы мен әдістемесі, дидактика, оқу үрдісін ұйымдастыру және басқару, жалпы және педагогикалық психология бойынша тапсырмалардан тұрады. «Пәндік білім негіздері» блогындағы тапсырмалар өзі оқытатын пәні бойынша оқу бағдарламаларының жалпы көлемін қамтиды.

Тестілеудің жалпы уақыты - 120 минут, ал математика, физика, химия бойынша пәндік білім негіздері бойынша тестіленетін педагог қызметкерлер үшін- 150 минут.

Тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен немесе дәлелді себептермен қатыспаған педагог қызметкерлер бірінші тестілеуден кейін екі айдан кешіктірмей қайта тестілеуден өтеді.

Дәлелді себептер мыналар болып табылады:

1) ұзақ уақыт бойы еңбекке жарамсыздық (2 айдан аспайтын);

2) жүктілік, бала туу және бала күту демалысында болу;

3) шетелде мамандық бойынша іссапарда болу.

Қайта тестілеу кезінде теріс нәтиже көрсеткен педагог қызметкерлер аттестаттаудың екінші кезеңіне жіберілмейді. 

Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілуеінен өту үшін www.ktpr.testcenter.kz сілтемесін ашыңыз. 

Нормативтік сілтемелер:

Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары 2016 ж
Педагог қызметкерлердің біліктілік тестілеуін ұйымдастыру және  өткізу жөніндегі технологиялық нұсқаулық






  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ