KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Director2.jpg

       Сіздерді Ұлттық тестілеу орталығының (ҰТО) жемқорлыққа қарсы іс-шаралар бөлімінде көргеніме қуаныштымын.

       Осы парақшаға кіре отыра, еліміздегі орын алған мұндай жағымсыз көрініске немқұрайлы емес көзқарасыңызды білдіргеніңіз деп білемін. Және де бұл – қуантарлық жайт.

       Ұлттық тестілеу орталығы директорының м.а. бола отыра, ең алдымен, тест тапсырмаларының қауіпсіздігі мен құпия ақпараттың жария болмауына басты назар аударамын.

       Өзіңіз білетіндей, кез-келген білімді бағалау, аталмыш жағдайда тестілеу, және оның сәтті өтуі қандай да бір салада тұлғаның одан әрі дамуын айқындайтыны анық: ол жоғары оқу орнына түсу болсын, мемлекеттік білім беру грантына ие болу болсын, біліктілік санатын жоғарылату болсын, тілдерді білу деңгейін анықтау болсын және т.б. Сондықтан, өзінің ауқымдылығын айтпағанның өзінде, бұл қызмет саласының жемқорлық тәуекелдеріне ұшырау деңгейі жоғары екені анық.

       Осыған байланысты Ұлттық тестілеу орталығы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес пен оны жою бағытында жұмыс жүргізуде. Айта кететін жайт, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы №1131 Қаулысына сәйкес елімізде сыбайлас жемқорлық туралы ақпарат жеткізген азаматтарды, құқық бұзушылықтың ауырлығына қарай белгіленген соманы (30-дан 100 АЕК-ке дейін), материалдық ынталандыру белгіленген. Мұның барлығы азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстарды анықтауда белсенділік таныту мақсатында жасалуда.

        Оқушылардан, студенттерден, мұғалімдерден, ата-аналардан және де, жай ғана немқұрайлы емес азаматтардан кез-келген сыбайлас жемқорлық фактілеріне куә болған жағдайда жедел шаралар қабылдап, біздің кері байланыс арналарына хабарлауды сұраймын. Сонымен қатар, менің жеке арналарыма тікелей хабарласуыңызға болады:

немесе арнайы ашылған stop.corruption@testcenter.kz поштасына.

       Өз тарапымыздан толық құпиялылыққа кепілдік береміз.

       Интернет кеңістігі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың мықты құралына айналды. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы кез-келген ақпаратты құптаймыз. Білім беру саласында және мемлекетіміздегі сыбайлас жемқорлық фактілерін жою бойынша бірлескен жемісті әрі тиімді жұмыс жүргізіледі деп үміттенемін.

Құрметпен, Дидар Смағұлов.

Карантинге байланысты Call center (8-8000-80-71-77) 2020 жылғы 30 наурыздан 6 сәуірге дейін жұмыс істемейді. Барлық сұрақтарыңызды біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларда қоя аласыздар.

Карантинге байланысты Call center (8-8000-80-71-77) 2020 жылғы 30 наурыздан 6 сәуірге дейін жұмыс істемейді. Барлық сұрақтарыңызды біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларда қоя аласыздар.


Закрыть окно