8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері

Жаңалықтар

Жоғары білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалаудың тест тапсырмаларына жүргізілген сараптама туралы

2018 жылғы 23 сәуір мен 4 мамыр аралығында Алматы қаласындағы Қазақ ұлттық аграрлық университет базасында  Оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі-ОЖСБ) пәндері бойынша әзірленген тест тапсырмаларына сараптама жұмысы ұйымдастырылды.

Сараптамада «Ауылшаруашылығы ғылымдары», «Қызмет көрсету», «Жаратылыстану ғылымдары», «Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағыттары бойынша қазақ және орыс тілдерінде бірінші сараптамадан өткен тест тапсырмалары қарастырылды.

Тест тапсырмаларына жасалған сараптама тапсырмалардың алдын ала бекітілген талаптарға қаншалықты сәйкестігін қарастыру  және грамматикалық, стилистикалық қателерін түзету арқылы сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылды. Сонымен қатар сараптама барысында тест тапсырмалары мазмұнының ұсынылған әдебиеттер мен спецификацияларына сәйкестігі де қарастырылды.

Тест тапсырмалары мазмұнының сапасын бағалауға оларды әзірлеуге қатыспаған тәуелсіз сарапшылар шақырылды. Сараптамаға әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, «Сәтпаев» университеті, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет, «Нархоз Университеті» АҚ-ы, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті, Алматы технологиялық университеті секілді жетекші жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.  




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ