8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Шет тілдерінен түсу емтиханының нәтижелері

Жаңалықтар

Шет тілдері бойынша магистратура мен докторантураға түсу емтихандарына арналған «Тыңдалым» бөлігі мәтіндерін дыбыстау

4-8 июня.JPGШет тілдері бойынша магистратура мен докторантураға түсу емтихандары үш бөліктен тұрады: «Тыңдалым», «Лексика-грамматикалық бөлік» және «Оқылым». «Тыңдалым» бөлігі тестіленушінің шетел тіліндегі дыбысталатын мәтінді тыңдап түсіну деңгейін, сондай-ақ тыңдалған мәтінді оқыған тілдік материал негізінде толық немесе ішінара түсінуін тексереді. «Тыңдалым» бөлігі бойынша тестілеуде 4 мәтін тыңдалады және 32 тест тапсырмасы орындалады. Аудиомәтіндердің әрқайсысы екі рет дыбысталады. Мәтіндер тыңдалып болған соң, әр мәтінге қатысты 8 тест тапсырмасын орындауға уақыт беріледі.

«Тыңдалым» бөлігі мәтіндерін ағылшын, француз және неміс тілдері ана тілі болып саналатын шетелдіктер дыбыстады. Мәтіндердің дыбыстауын білім саласында тәжірибесі бар, Қазақстандағы халықаралық тіл мектебінде келісімшарт негізінде жұмыс істейтін Ұлыбритания, Люксембург азаматтары жүргізді.

Қазіргі кезде дайын мәтіндердің дыбысы өңдеуден өткізілуде. Келесі кезеңдер: өңделген дайын мәтіндерді қалыптастырылған нұсқалар бойынша біріктіру, дайын нұсқаларды СD дискіге көшіру. Көшірілген мәтіндердің сапасын тексеру үшін СD дискілер қайта тыңдалады.

4-8 июня 2018 IMG_20180531_180744.jpg




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ