8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Шет тілдерінен түсу емтиханының нәтижелері

Жаңалықтар

Педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілік деңгейі анықталды

Ағымдағы жылдың қараша айының 14-17 күндері педагог қызметкерлерге арналған біліктілік тестілеуі өткізілді.

Біліктілік тестілеуге қатысуға өтініш бергендердің саны 14056-ды құрады, оның ішінде қазақ тілінде – 10379 (73,84 %), орыс тілінде – 3677 (26,16 %) адам.

Тестілеуге ең көп өтініш берген Оңтүстік Қазақстан облысы – 2990 және Манғыстау облысы – 1168 адам. Ең аз өтініш берген Солтүстік Қазақстан облысы – 353 және Астана қаласы – 437.

Біліктілік тестілеуге қатысқандардың саны – 13471, оның ішінде қазақ тілінде  – 9821, орыс тілінде – 3650 адам.

Педагог қызметкерлерді біліктілік тестілеу Ұлттық тестілеу орталығы әзірлеген бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен компьютерлік тестілеу әдісі арқылы онлайн режимінде өткізілді.

Біліктілік тестілеу ҰТО-ның 150 филиалының алып жүруімен 256 білім беру ұйымдарында өткізілді.

Тестілеу нәтижесі бойынша шектік өту балы кемінде: «Негізгі пәндік білім» бойынша – 70% (18-25) балл, «Педагогика және психология негіздері» және «Қазақстан Республикасының заңнамасын білу» пәндері бойынша – 50% (10-20) балл.  

Бірінші біліктілік тестілеуінен қажетті өту баллын жинай алмаған  немесе дәлелді себептермен тестілеуге қатыспаған педагог қызметкерлер ағымдағы жылдың желтоқсан айының 13-15 күндері аралығында қайта тестілеуден өтеді.

 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ