8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Тестіленушінің жеке кабинеті

Жаңалықтар

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің екінші сараптамасы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы (бұдан әрі – Орталық) ағымдағы жылғы 28 мамыр - 2 маусым аралығында Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін бейінді магистратурада білім алу үшін кешенді тестілеудің тест тапсырмаларына (GMAT, GRE тестеріне ұқсас) (бұдан әрі – Кешенді тестілеу) екінші сараптама жұмыстарын жүргізуде.

Іс-шара Орталық пен Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің базасында өтуде. Сараптама 2018 жылы Кешенді тестілеуге «7-Техникалық ғылымдар және технологиялар» бағытындағы жаңадан қосылған 4 мамандық пәндері бойынша өткізілуде:

  • 6М070200 Автоматтандыру және басқару;

  • 6М070300 Ақпараттық жүйелер;

  • 6М070400 Есептеуіш техника және бағдарламалық жабдықтау;

  • 6М070500 Математикалық және компьютерлік модельдеу.

Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының жетекші оқытушылары тест тапсырмаларын сараптамадан өткізсе, Жоғары білім берудегі тест тапсырмаларын қалыптастыруды ұйымдастыру басқармасының қызметшілері сараптаманың жүргізілуін бақылауда.

Тест тапсырмалар базасын құруда тапсырмалар екінші сараптамадан өтуі міндетті шарт болып табылады. Сараптама қорытындысы бойынша тест тапсырмалары тестілеуге пайдалануға ұсынылады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ