8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 ж. (маусым-шілде) Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі

Жаңалықтар

Магистратураға түсу үшін Кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау басталды

         Республика бойынша магистратураға түсуші тұлғалардан өтініштерді қабылдау 3-25 шілде аралығында жүргізіледі. 2019 жылдан бастап магистратураға оқуға қабылдау Кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) қорытындысы бойынша өткізіледі.

         Оқыту қазақ немесе орыс тілінде жүргізілетін магистратураға үшін КТ:

-      шет тілі бойынша тесттен (таңдау бойынша ағылшын, француз, неміс тілі);

-      оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен;

-      білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен тұрады.

Оқыту ағылшын тілінде жүргізілетін магистратура үшін КТ:

-      ағылшын тіліндегі білім беру бағдарламалары тобының бейіні бойынша тесттен;

-      оқуға дайындығын анықтауға арналған тесттен тұрады.

КТ-ға қатысу құны 8292 теңгені құрайды. Төлемді Халық банк бөлімшелерінде төменде көрсетілген реквизиттер арқылы төлеуге болады:

ҚР БҒМ «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК  

БИН 000140001853

ИИК KZ536010111000001515

БИК HSBKKZKX    

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

         Магистратураға түсу үшін КТ-ға қатысуға қажетті құжаттар тізімі.

        Магистратураға түсуші тұлғалар жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарына (ЖЖОКБҰ), ал резидентураға түсуші тұлғалар денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдарына немесе ЖЖОКБҰ-ға, ғылыми ұйымдарға және (немесе) ақпараттық жүйе арқылы мынадай құжаттарды тапсырады:

1) Кешенді тестілеу өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес белгіленген нысанда ұйым басшысының атына (резидентура үшін еркін түрде) өтінішті;

        2) жоғары білімі туралы құжатты (түпнұсқа, қабылдау комиссиясына құжаттарды тапсыру кезінде);

        3) интернатураны бітіргені туралы куәліктің көшірмесін (резидентураға түсу үшін);

       4) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

       5) 3x4 сантиметр өлшемді алты фотосурет;

       6) 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы;

       7) білім беру бағдарламалар бойынша тест тапсырғаны туралы сертификаттың көшірмесін (бар болған жағдайда).

       Осы көрсетілген құжаттардың көшірмелерімен бірге салыстыру үшін олардың түпнұсқалары ұсынылады. Салыстыру түсушінің қатысуымен жүргізіледі. Салыстыру жүргізілгеннен кейін түпнұсқалар қайтарылады.

        Осы көрсетілген құжаттар тізбесін толық ұсынбаған жағдайда қабылдау комиссиясы түсушілерден құжаттарды қабылдамайды.





  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ