8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

Ұлттық тестілеу орталығы Қостанайда әзірлеушілер мен сарапшыларға арналған семинар өткізді

ваыацыукафйцва2132.jpg 2019 жылғы 22-26 сәуір аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Қостанай қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша әзірлеушілер мен сарапшыларға арналған «Педагогикалық өлшеулер» аясындағы біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Біліктілікті арттыру курсы Қостанай, Ақтөбе, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Қостанай қаласы әзірлеушілері мен сарапшылары үшін ұйымдастырылды.

Біліктілікті арттыру курсын Ұлттық тестілеу орталығының жетекші сарапшылары мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізді.

Курстың негізгі мақсаты – тыңдаушыларды тест тапсырмаларын құрастыру әдістемелерімен таныстыру.

Курстың бағдарламасында төмендегідей сұрақтар қарастырылды:

  • білім беру сапасын мемлекеттік бақылау, бақылау түрлері, міндеттері, оқу нәтижелерін бақылау жүйелері;

  • білім беру қорытындыларын бағалау саласындағы халықаралық зерттеулер;

  • педагогикалық өлшеулер және осы сала теориясындағы негізгі терминдер мен түсініктер;

  • тесттердің даму тарихы, тест тапсырмаларының түрлері;

  • тест тапсырмаларының мазмұнын іріктеу қағидалары, тест спецификациясы;

  • әртүрлі формадағы тест тапсырмаларын әзірлеу әдістемесі: бір дұрыс жауапты анықтауға арналған жабық түрдегі тест тапсырмалары; бір немесе бірнеше дұрыс жауапты анықтауға арналған жабық түрдегі тест тапсырмалары; ашық тест тапсырмалары; сәйкестікті анықтауға арналған тест тапсырмалары; дұрыс тізбекті анықтауға арналған тест тапсырмалары;

  • тест тапсырмаларының сапасын бағалау.

Біліктілікті арттыру курсы 40 сағат көлеміне есептелген. Оның ішінде 12 сағат тест пен тест тапсырмаларын әзірлеу және сараптау теориясын меңгеруге бөлінсе, 28 сағат тест тапсырмаларын әзірлеу және тест сапасын тексеруге арналған тәжірибелік жұмыстарға арналды.

Курс аяқталуына орай, қатысушыларға біліктілікті арттырғандығы жөнінде сертификаттар табысталды.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ