8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

Конкурстық тағайындаудан кейін бос қалған жоғары білім берудің білім беру гранттарын, сондай-ақ жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне білім беру гранттарын беру жөніндегі пресс - релиз

         2019 жылғы 25 қазанда білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі Республикалық конкурстық комиссияның отырысы өтті.

         Комиссия құрамына Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Жоғары оқу орындары қауымдастығының, «Жас Отан» Жастар қанатының, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы, Мәдениет және спорт министрліктерінің, Назарбаев зияткерлік мектептерінің, БАҚ, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының, «ADAL BILIM», «EDICH-KZ» өкілдері кірді.

         Бұл бос білім гранттары ҚР Үкіметінің қаулысына тиісті өзгерістер енгізілгеннен кейін Білім гранттарын тағайындау ережесіне (ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 58 қаулысы) сәйкес білім беру бағдарламаларының топтары бойынша қайта бөлінді(«Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында(Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2018 – 2019, 2019 – 2020, 2020 – 2021 оқу жылдарына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 23 қазандағы №790 қаулысымен бекітілген).

         Республикалық конкурстық комиссияның шешімімен барлығы бакалавриатта 2983 грант, қазақ диаспорасының дайындық бөлімдерінде білім алуы үшін 238 грант тағайындалды.

         Конкурстың нәтижесімен Сіз Ұлттық тестілеу орталығының www.testcenter.kz сайтында ТЖК (тестіленушінің жеке коды) енгізу арқылы таныса аласыз.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ