8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысуға өтініштерді ҚАБЫЛДАУ басталды

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау ағымдағы жылғы 13 шілдеден басталды.


Конкурсқа өтініштерді қабылдауды Қазақстан Республиканың барлық жоғары оқу орындары жүзеге асырады.

Бүгінгі күнде 26000-ға жуық өтініш қабылданды.

Жоғары білімнің білім беру грантын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін оқуға түсуші қабылдау комиссиясына:   

- белгіленген үлгідегі бланкіде немесе web-қосымша жүйесі арқылы толтырылған өтінішті;

- білімі туралы құжатты (түпнұсқа);

- маусым айында өткен Ұлттық бірыңғай тестілеудің сертификатын;

- 086-У нысаны бойынша медициналық анықтаманы;

- жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін;

- IELTS, TOEFL ITP, TOEFL IBT халықаралық сертификатын (бар болған жағдайда);

- басым құқық иегерін (бар болған жағдайда) растайтын құжаттарын тапсырады.

         Бейіндік пәндер сәйкес келген жағдайда, оқуға түсуші білім беру бағдарламаларының төрт тобына дейін көрсете алады.

Білім беру грантын беруге арналған конкурсқа өтініштер қабылдау ағымдағы жылғы 20 шілдеге дейін жүргізіледі.

Білім гранты иегерлерінің тізімі Ұлттық тестілеу орталығының https://www.testcenter.kz сайтына жарияланады.

 





  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ