8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
ОНЛАЙН БАЙҚАУ СЫНАҚТАР

Жаңалықтар

Республикамыздағы Назарбаев зияткерік мектептері ұстаздар құрамы мен басқару персоналы ағымдағы жылғы 12 сәуірден бастап қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ тестілеуін тапсыруды бастады.

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер қабылдау ағымдағы жылдың 10-наурызынан басталып, 10 мамырға дейін жүргізіледі.

2017 жылдың 1-15 наурыз аралығында Қорытынды аттестаттаудың деректер базасы қалыптастырылды. Деректер базасында әр мектеп Қорытынды аттестаттауға қатысатын  оқушылар санын, тапсыру тілі, оқыту бағыты мен таңдау пәнін көрсетті. 

2017-2018 оқу жылының бітіруші курс студенттерін оқу жетістіктерін сырттай бағалауға дайындау мақсатында, ағымдағы жылдың 11-20 сәуір аралығында 27 ЖОО-ның базасында ОЖСБ байқау тестілеуі өткізіледі. Байқау тестілеуге 73 ЖОО-ның 22 802 студенттері қатысады. 

Ағымдағы жылдың 30-31 наурыз аралығында Алматы қаласындағы, Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімдері ҚАЗТЕСТ бойынша тест тапсырмаларын орындап шықты. 

Алматы облысының екінші кезең бойынша тапсырушылары да ҚАЗТЕСТ тестілеуін сәтті жалғастыруда. Бұл сертификаттық тестілеу, мемлекеттік тілде білім деңгейін анықтау мақсатында ұйымдастырылған, тестілеудің нәтижесі бойынша арнайы мемлекеттік үлгідегі сертификат табыс етіледі. Ескеретін жағдай, бұл берілген сертификат «Болашақ» халықаралық степендиясының үміткерлеріне де конкурсқа қатысуына жарамды екенін айта кету керек.

Ағымдағы жылғы 7 сәуірде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрілігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыстар комитетінің ұйымдастыруымен Талдықорған қаласында «Мемлекеттік тілді оқыту: әдіс, тәжірибе, инновация» атты республикалық семинар-кеңес өтті.
3-31 наурыз аралығында 2017 жылға арналған Ұлттық бірыңғай тестілеудің жаңа форматына арналған оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық және Қазақстан тарихы пәндерінің тапсырмаларына сараптама өткізілді.

Ұлттық тестілеу орталығы  ағымдағы жылдың 6 және 8 сәуір аралығында Алматы қаласындағы «Атакент» көрме компаниясының  ұйымдастыруымен өтетін «Білім және Мансап» атты XVIII Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысады.

Ұлттық тестілеу орталығы Қостанай облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен Қостанай облысы Денисов, Жітіқара, Қамысты, Қарабалық, Фёдоров аудандарының және Қостанай қаласның мемлекеттік қызметшілері мен бюджеттік сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеу өткізді.
Күнтізбе
<Пред
Сәуір 2017
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖК
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ