8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Ұлттық біліктілік тестілеуінің нәтижелері

Жаңалықтар

Шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ауысқан және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін жоғары оқу орындарына қабылданған студенттердің қайта кешенді тестілеуін өткізуге дайындық туралы

Ұлттық тестілеу орталығы 2018 жылдың 22-23 қаңтар аралығында шетелдік жоғары оқу орындарынан Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына ауысушы және бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін жоғары оқу орындарына қабылданған студенттердің қайта кешенді тестілеуін өткізеді.

Тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі бекіткен 29 жоғары оқу орындарының базасында өткізіледі.

Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер 2017 жылдың 10-20 желтоқсан аралығында ЖОО-ның қабылдау комиссиялары арқылы қабылданды.

Ауысушы-студенттердің өтініштері оқуын одан әрі жалғастыруды жоспарлаған ЖОО-да, ал бірінші академиялық кезең аяқталғанға дейін жоғары оқу орындарына қабылданған студенттердің өтініштері сол білім алып жатқан жоғары оқу орнында қабылданды.

Өтініштерді қабылдау аяқталғаннан кейін тестіленушілерге жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары тестілеу орны, күні мен уақыты көрсетілген рұқсаттама қағазын беруді жүзеге асырады.

Тестілеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы «2» мамырдағы № 204 бұйрығымен бекітілген Ұлттық бірыңғай тестілеуді және кешенді тестілеуді өткізу қағидаларының жалпы ережелеріне (ссылка) сәйкес өткізіледі.

Қайта кешенді тестілеудің талаптарға сай өткізілуін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілдері бақылайды.

Талапкерлердің емтихан нәтижелері тестілеу болған күні өңделіп, көпшіліктің назарына ұсыну үшін ЖОО-ның ақпарат тақталарына және ҰТО-ның www.testcenter.kz сайтына ілінеді.

Тестілеу нәтижесі бойынша әрбір тестіленушіге барлық пән бойынша жинаған балдары көрсетілген сертификат беріледі.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ