8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 ж. (маусым-шілде) Ұлттық бірыңғай тестілеудің нәтижесі
Пресс-релиздерЖаңалықтар

Жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы №58 қаулысымен бекітілген «Бакалавр» немесе «магистр» дәрежелері берілетін жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес Республикалық бюджет қаражаты есебінен білім беру гранттарын беру конкурсына қатысу үшін өтініштер қабылдау ағымдағы жылғы 13 шілдеден басталды.

Республика бойынша магистратураға түсуші тұлғалардан өтініштерді қабылдау 3 шілдеден бастап жүргізіледі. 2019 жылдан бастап магистратураға оқуға қабылдау Кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) қорытындысы бойынша жүргізіледі.

Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов төтенше жағдай орын алған Арыс қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу барысында емтихан нәтижелерінің ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз еткені үшін, сондай-ақ 2019 жылғы 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған жарылыс кезінде табандылық танытқан үшін ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдерімен кездесіп Министрлік өкілдерін дипломдармен марапаттады.

Қазіргі таңда 2019 жылғы маусым-шілде айларындағы Ұлттық бірыңғай тестілеудің (бұдан әрі – ҰБТ) 7-ші күні өткізілуде. Ағымдағы жылы ҰБТ-ға қатысуға 117 252 адам өтініш берді, оның 96 390-ы ағымдағы жылғы мектеп бітірушілері, ал қалған 20 862-і өткен жылғы мектеп бітірушілері, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері.

ҰБТ-ға өтініш қабылдау ағымдағы жылғы 1 сәуір мен 10 мамыр аралығында жүргізілді, ал халықаралық алмасу желісі бойынша шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері мен шетелде білім алған, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ азаматтар үшін 5 маусымға дейін жалғасуда.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
2019 жылы Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындарының магистратурасына түсушілер кешенді тестілеу тапсырады

2019 жылғы орта білімдегі оқу жетістіктерін сырттай бағалау 17 – 25 сәуір аралығында орта білім беру ұйымдарының 4, 9 және 11 сыныптарында өткізілді. Барлығы 785 мектеп, 122 252 оқушы қатысты.

Ағымдағы жылдың 10 наурыздан - 2 мамыр аралығында Ұлттық біліктілік тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізілді.

2019 жылғы 22-26 сәуір аралығында Ұлттық тестілеу орталығы Қостанай қаласында Ұлттық бірыңғай тестілеу пәндері бойынша әзірлеушілер мен сарапшыларға арналған «Педагогикалық өлшеулер» аясындағы біліктілікті арттыру курсын өткізді.

Күнтізбе
<Пред
Маусым 2019
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖК
27 28 29 30 31 1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ