8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

2019 жылы Ұлттық біліктілік тестін ұйымдастыру және өткізу туралы

WhatsApp Image 2019-11-03 at 22.43.19 (1).jpeg

А.ж. 4-30 қараша аралығында мұғалімдердің Ұлттық біліктілік тестілеуі өтетін болады.

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің, Тамыз конференциясында айтылған тапсырмасына сәйкес алғаш рет Ұлттық біліктілік тестілеуі электронды түрде өтеді.

 

Ұлттық біліктілік тестілеуді Ұлттық тестілеу орталығы UStudy-мен бірлесіп, МЖС келісім-шартының негізінде ұйымдастырады. Тиісінше, ҰБТ жүргізу Ustudy-дың 19 аймақтық орталығында өткізілетін болады.

 

Тестілеуге кіргізу кезінде тексеріс болмайды, тест тапсырушылар еркін өтетін болады. Өйткені, барлық залдар бейне камералармен жабдықталған.

 

Жақсы жаңалықпен бөлісе отырсақ, 2020 жылдан бастап Ұлттық біліктілік тестілеуді өту үшін өтініштерді бірден Ұлттық тестілеу орталығына тікелей және өздігінен тапсыруға болады. Осылайша, жергілікті білім органдары мен мектеп әкімшілігінің кезеңдерін өтпейтін болады. Тестті өтетін мұғалімдерде өздеріне ыңғайлы тест тапсыратын орынды, күні мен уақытын таңдауға мүмкіндіктері болады.

 

Ұлттық біліктілік тестті өткізу бойынша нақтырақ айтатын болсақ.

 

Жалпы республика бойынша – 69418 адам өтініш берді, оның ішінде:

Ø«Педагог-модераторға» – 19496 адам;

Ø«Педагог-сарапшыға» – 26070 адам;

Ø«Педагог-зерттеушіге» – 22567 адам;

Ø«Педагог-шеберге» – 1285 адам.

 

ҰБТ 100 тест тапсырмаларынан тұрады.

Ұлттық біліктілік тестілеу екі блоктан, жалпы 100 тест тапсырмаларынан: бірінші блок «Оқу пәнінің мазмұны» бойынша – 70 тапсырма, екінші блок «Педагогика, оқыту әдістемесі» – 30 тапсырмадан тұрады.

Максималды балл саны – 110.

Тестілеудің жалпы уақыты – 3 сағат 20 минут (200 минут), ал «Математика», «Физика», «Химия», «Информатика» пәндері үшін – 3 сағат 50 минут.

 

Тестілеудің нәтижесі (оқу пәнінің мазмұны бойынша, келесі балдан төмен болмауы қажет):

Ø«Педагог-модератор» – 50 % (40 балл);

Ø«Педагог-сарапшы» – 60 % (48 балл);

Ø«Педагог-зерттеуші» – 70 % (56 балл);

Ø«Педагог-шебер» – 80 % (64 балл).

«Педагогика, оқыту әдістемесі» бағыты бойынша барлық біліктілік санаттар үшін 30 % (9 балл) жинаған жағдайда, оң болып есептеледі.

 

Тест аяқталғаннан кейін тестілеу кезінде тәртіп ережелерін бұзу фактілерін анықтау үшін бейнежазбалар зерттеледі. Нәтижесінде уәкілетті орган тест нәтижелерін жою мүмкін.

Сондай-ақ, электронды форматтағы ҰБТ-ның жағымды жаңалықтарының бірі - апелляция әмбебаптығы қағидатын енгізу. Қандай да бір сұрақтар бойынша түскен өтініштер қанағаттанарлық жауап алған жадайда, қате деп танылған тапсырмалары бар нұсқалардың барлығына балдар автоматты түрде қосылатын болады. Тест тілі аттестаттаушының өтініші бойынша анықталады және өтініште көрсетіледі.

Өтініштерді қараудың ашықтығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін облыстық апелляциялық комиссияның сатысы алынып тасталады. Өтінімдер тікелей республикалық деңгейге өтеді және келесі күні үш тәуелсіз сарапшы қарайды.

Апелляцияға өтініш беру қиындығы туралы мұғалімдердің ескертулерін қабылдау, тапсырмаларға тестілеу 60 минут ішінде аяқталғаннан кейін дереу қарауға болады: тыңдаушыларға түсіндірмелер мен дерек көздері бар жауаптардың егжей-тегжейлі картасы ұсынылады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ