8 800 080 71 77
info@testcenter.kz

2019 білім беру гранттарының нәтижелері

Жаңалықтар

2019 жылдың білім беру гранттарының конкурсын өткізу қорытындысы бойынша ақпарат

         Білім беру гранттарын тағайындау бойынша Республикалық конкурстық комиссия жұмысының қорытындысы бойынша білім беру бағдарламаларының топтары бойынша грант берілді.

        Конкурсқа қатысу үшін оқуға түсушілер маусым айында өткізілген Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелерінің сертификатын пайдаланды.

        Білім беру гранттарын тағайындау кезінде келесі санаттағы тұлғалардың балдары тең болған жағдайда басым құқық иегерлері:

·      «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері – 4683 адам (2018 ж. – 4327);

·      біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар колледж түлектері – 110 адам (2018 ж. – 245);

·      жалпы білім беру пәндері бойынша республикалық, халықаралық  олимпиадаларының жеңімпаздары – 122 адам (2018 ж. – 140);

·      жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, халықаралық ғылыми жарыстарының жеңімпаздары – 90 адам (2018 ж. – 170);

·      жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық, халықаралық спорт жарыстарының жеңімпаздары – 99 адам (2018 ж. – 363);

·      Президенттік олимпиаданың 8 жеңімпазы (2018 ж. – 6) грант алды.

         Жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың, сондай-ақ кәмелетке толғанға дейін ата-аналарынан айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының 552-і білім беру грантының иегері болды.

I-II топтағы мүгедек, бала кезден мүгедек, мүгедек-балалар, жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар категориясына жататын азаматтар арасынан – 387 адам білім грантын алды.

         Нормативті-құқықтық актілерге сәйкес студенттер қатарына қабылдау жоғары оқу орындарыныңқабылдау комиссияларымен ағымдағы жылғы 25 тамызға (қоса есептегенде) дейін жүзеге асырылады.

Қабылдау кезінде оқуға түсуші грант иегері бола отырып, білім беру бағдарламаларының тиісті тобынан білім беру бағдарламасын таңдайды.

Мысалы, «Химия мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламаларының тобы бойынша грант иегері қабылдау кезінде оқуға түсуші «Химия» немесе «Химия-Биология» бойынша білім беру бағдарламасын таңдай алады.




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ