8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Кешенді тестілеуінің нәтижелері

Жаңалықтар

2018 жылғы орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалауды өткізуге дайындық

Орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі-ОБ ОЖСБ) оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау және білім беру қызметі сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.

ОБ ОЖСБ өткізілу мерзімі және орта білім беру ұйымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі - ҚР БҒМ) бекітіледі. 2018 жылы ОБ ОЖСБ-ға республиканың 1455 орта білім беру ұйымы қатысады.

Өткізу мерзімі – 2018 жылғы 9-24 сәуір аралығында.

ОБ ОЖСБ бланкілік тестілеу әдісімен, яғни жауап парақтары мен сұрақ-кітапшалары көмегімен, сондай-ақ онлайн тәртібінде компьютерлік тестілеу әдісі арқылы өткізіледі.

2018 жылы ОБ ОЖСБ бес лек бойынша:

1-лек - 10 сәуір, жергілікті уақытпен сағат 9-00 (бланкілік тестілеу әдісімен);

2-лек - 11 сәуір, жергілікті уақытпен сағат 9-00 (бланкілік тестілеу әдісімен);

3-лек - 12 сәуір, жергілікті уақытпен сағат 9-00 (бланкілік тестілеу әдісімен);

4-лек - 13 сәуір, жергілікті уақытпен сағат 9-00 (бланкілік тестілеу әдісімен);

5-лек - 16 сәуірден бастап 9,11 сынып оқушылары компьютерлік әдіспен өткізіледі.

ОБ ОЖСБ жыл сайын уәкілетті органмен айқындалатын пәндер бойынша өткізіледі. Тестілеуге 4-сыныптар үшін 70 минут, 9-сыныптар үшін 130 минут, ал 11-сыныптар үшін 140 минут уақыт беріледі. ОБ ОЖСБ тестіленушілер білім алып жатқан орта білім беру ұйымдарының базасында жүргізіледі.

Тестілеу үрдісін ОБ ОЖСБ өткізілетін мектептерге жіберілген ҚР БҒМ және ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің Білім саласындағы бақылау департаменттерінің (бұдан әрі- БСБД) уәкілетті өкілдері қадағалайды.  ОЖСБ технологиясы бойынша өкілдерге арналған семинар БСБД- да жүргізіледі.

Бланкілік тестілеу аяқталғаннан кейін емтихан материалдары Ұлттық тестілеу орталығының филиалдарына (бұдан әрі- ҰТО) жеткізіледі. ҰТО филиалында тестілеу нәтижесін алу мақсатында жауап парақтары сканерленеді. Компьютерлік тестілеудің нәтижесін тестілеу аяқталған соң  бірден білуге  болады.  




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ