8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Шет тілдерінен түсу емтиханының нәтижелері

Жаңалықтар

2018 жылғы КТ өткізу қорытындылары туралы

Кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) республика бойынша 15-17 шілде аралығында 48 базалық жоғары оқу орындарында өткізілді.

КТ-ға қатысуға өтініш бергендердің саны – 45 677 адам, оның ішінде 30 039 (65,8 %) қазақ, 15 630 (34,2 %) орыс тілінде және 8 ағылшын тілінде. Өтініш берушілердің арасында жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер (бұдан әрі – КТ-ТжКББ) 25 902.

Нақты тестілеуге 42 693 адам қатысты, ол өтініш берушілердің 96,2% құрады (оның ішінде 28 108 (65,8%) қазақша, 14 577 (34,2%) орысша және 8 ағылшынша).

Сонымен қатар, аймақтарға 297 ҚР Білім және ғылым министрлігі өкілдері жіберілді, мемлекеттік және апелляциялық комиссиялар құрылды, медициналық көмек көрсету орындары ұйымдастырылды және тестілеу барысында қауіпсіздік қамтамасыз етілді.

КТ қорытындысы бойынша республика көлемінде орташа балл (5 пән бойынша) – 63,4 балл, КТ-ТжКББ (2 пән бойынша) – 26,5 балл. Шекті деңгейден 24093 (56,4%) адам өтті.

Кешенді тестілеу барысында тәртіп сақтау ережесін бұзғаны және тыйым салынған заттарды қолданғаны үшін тестілеуден 22 түсуші шығарылды. Сонымен қатар, 51 түсушінің орнына бөгде тұлғаның кіргізу фактісі тіркелді.

Ағымдағы жылы КТ-де 31110 тыйым салынған зат тәркіленді, оның ішінде 26 015 электрондық құрылғылар (смартфондар, роутерлер, модемдер және т.б.) және 5 095 қағаз тасымалдағыштар (шпаргалкалар, оқу құралдары және т.б.).

Сонымен қатар, шекті деңгейінен өте алмаған түсушілер ағымдағы жылы қайта кешенді тестілеу тапсыру арқылы жоғары оқу орындарының ақылы негізде оқуға түсуіне құқылы. Қайта кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларында шілде айының 25-сы мен тамыз айының 3-і аралығында қабылданады, ал тестілеу тамыз айының 15-і мен 19-ы аралығында өткізіледі. 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ