8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
Тестіленушінің жеке кабинеті

Жаңалықтар

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Ұлттық біліктілік тестілеу - бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім (соның ішінде арнайы) беретін бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарында педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген тұлғалардың кәсіби құзыреттілігін білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған ұйым әзірлеген тестпен айқындайтын іс-шара.

2018-2019 оқу жылының бітіруші курс студенттерін жоғары білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктеріне сырттай бағалауға (ЖБ ОЖСБ) дайындау мақсатында ағымдағы жылдың 18-19 сәуірінде 27 ЖОО-ның базасында       ЖБ ОЖСБ байқау тестілеуі өткізіледі. Байқау тестілеуіне 74 ЖОО-ның    25254 студенті қатысады. 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ұлттық тестілеу орталығы 2018 жылдың мамыр айында бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдарындағы педагог қызметкерлерді және оларға теңестірілген тұлғаларды аттестаттау үшін жаңа форматтағы Ұлттық біліктілік тестілеуді өткізуді жоспарлап отыр.

Қазақстан Республикасының Президенті 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан жаңа әлем көшбасшыларының қатарына қосылу үшін педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, мұғалімдер үшін біліктілік деңгейін ескеретін категориялардың жаңа кестесін енгізу, категорияларды ұлттық біліктілік тест арқылы беру және орта білім беру саласында жаңартылған мазмұнға көшу, яғни жаңа бағдарламалар, оқулықтар, стандарттар және кадрлар даярлау сияқты бірқатар міндеттерді орындау керектігін атап өткен болатын.

Орта білім беру ұйымдарындағы оқу жетістіктерін сырттай бағалау (бұдан әрі-ОБ ОЖСБ) оқушылардың оқу бағдарламаларын меңгеру деңгейін анықтау және білім беру қызметі сапасын бағалау мақсатында жүргізіледі.

ОБ ОЖСБ өткізілу мерзімі және орта білім беру ұйымдарының тізімі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен (бұдан әрі - ҚР БҒМ) бекітіледі. 2018 жылы ОБ ОЖСБ-ға республиканың 1455 орта білім беру ұйымы қатысады.

10 наурызда республиканың жоғары оқу орындарына түсу нысанының бір түрі - Ұлттық бірыңғай тестілеуге (бұдан әрі - ҰБТ) қатысуға өтініштер қабылдау науқаны басталды.

2018 жылдың 12-23 ақпан аралығында Астана қаласындағы Ұлттық тестілеу орталығында және Алматы қаласындағы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде ЖБ ОЖСБ пәндерінің тест тапсырмаларына қазақ және орыс тілдерінде сараптама өткізілді.

2018 жылдың 5-16 ақпан аралығында Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының, Жаңақала, Сырым, Жәнібек, Қаратөбе, Бөкейорда аудандарының мемлекеттік қызметшілері, бюджеттік сала қызметкерлері, мемлекеттік емес мекеме қызметкерлері мен әскери сала қызметкерлері арасында қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға және бағалауға бағытталған ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық және сертификаттық тестілеу өткізілді.

Білім алушыларды қорытынды аттестаттау – тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу пәндерінің көлемін, олардың меңгеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

Күнтізбе
<Пред
Қазан 2017
ДС СС СР БС ЖМ СН ЖК
25 26 27 28 29 30 1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31 1 2 3 4 5



  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ