8 (7172) 317 404
info@testcenter.kz
2017 ж. КТ-қайта тапсырушылар нәтижелері

Жаңалықтар

2016 жылы 2050 мектеп мемлекеттік аттестаттау кезінде өткізілетін кешенді тестілеу тапсырды

2016 жылы мемлекеттік аттестаттау барысында 4, 9 және 11 сыныптарға арналған кешенді тестілеу 2050 орта білім беру ұйымдарында өткізілді.

Білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттау ережесіне сәйкес, мемлекеттік аттестаттау білім беру қызметтерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарына сәйкестігін бақылауды жүзеге асыру мақсатында өткізілді.

Кешенді тестілеу 4-сыныптарда екі пәннен (әр пән бойынша 15 сұрақ), 9-сыныптарда үш пәннен және 11-сыныптарда төрт пәннен (әр пән бойынша 20 сұрақ) өткізілді.

Тестілеу технологиясының сақталуы аумақтық Білім және ғылым саласындағы бақылау департаменттері өкілдерінің қадағалауымен жүзеге асырылды. Тестілеу қорытындысы Ұлттық тестілеу орталығының (бұдан әрі - ҰТО) филиалдарында жауап парақтарын өңдеу арқылы шығарылды.

Кешенді тестілеуге қатысқан оқушылар саны – 158526, оның ішінде 4-сынып - 69373 оқушы, 9-сынып – 58260 және 11-сынып – 30893 оқушы.  

Мүдделі тұлғаларды тест тапсырмаларының мазмұнымен таныстыру мақсатында ҰТО сайтында тест спецификациясы және тапсырмалар бойынша үлгі нұсқалар жарияланды. 




  • МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ МЕН ТАЛАПКЕРЛЕРГЕ
  • СТУДЕНТТЕРГЕ
  • ДОКТОРАНТУРА МЕН МАГИСТРАТУРАҒА ТҮСУШІЛЕРГЕ
  • ОҚУШЫЛАР МЕН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРГЕ