KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Құрметті ҚАНДАСТАР (ұлты қазақ шетел азаматтары)! 26.04.2024

Құрметті ҚАНДАСТАР (ұлты қазақ шетел азаматтары)!

Қазақстандық жоғары оқу орындарына оқуға түсу үшін сіздер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра аласыздар: НАУРЫЗ, МАМЫР-МАУСЫМ (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі) және ТАМЫЗ айларында.
Бұл ретте НАУРЫЗ және ТАМЫЗ айларындағы ҰБТ ақылы бөлімге түсуге, ал НЕГІЗГІ ҰБТ грант конкурсына қатысу мен ақылы бөлімге түсуге мүмкіндік береді.

2024 жылғы негізгі ҰБТ-ға тіркелу app.testcenter.kz сайтында онлайн жүргізіледі.
Сіздерге тестілеу ОФЛАЙН форматта ҚАЗАҚСТАНДА өтеді.

ҰБТ-ға қалай өтініш беремін?

ЖСН-ы бар қандастар оны жазып, іздеу батырмасын басады (тегі, аты және әкесінің аты автоматты түрде шығады) және байланыс телефоны нөмірін (міндетті түрде) көрсетеді.

ЖСН-ы жоқ қандастар тестілеуге тіркелу үшін «ҚР ЖСН-ы жоқ» батырмасын таңдап, барлық мәліметті енгізеді (ТАӘ (кириллица), ұлты, азаматтығы, туған күні, құжат нөмірі, байланыс телефоны).
Әрі қарай «Сақтау» батырмасын басады, осы іс-әрекеттер орындалған соң ҰБТ-ға тіркелу үшін 12 сандық код тағайындалады.

Тіркеліп болғаннан кейін тестілеуге өтініш беру қадамы басталады.
Ол үшін Жеке кабинетіңіздің «Өтініш беру» бөлімінде:
Егер Сіз 2024 жылғы мектеп түлегі немесе толық оқыту мерзіміне түсуді көздейтін колледж түлегі болсаңыз, «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар (толық оқыту мерзімі үшін)» тетігін;
Ал қысқартылған оқыту мерзімін көздейтін білім беру бағдарламаларына түскіңіз келетін колледж түлегі ретінде «Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын, ұлты қазақ адамдар (қысқартылған оқыту мерзімі үшін)» санатын таңдайсыз.
Қабылданған өтініштің мәртебесін «Менің іс-әрекетім» бөлімінен көруге болады.

Егер сіз 18 жасқа толмаған болсаңыз, тіркелу барысында ата-анаңыздың/заңды өкіліңіздің аты-жөні мен телефон нөмірін көрсету қажет.


2.jpg  3.jpg

4.jpg  5.jpg

6.jpg  7.jpg

8.jpg  9.jpg