KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: ТАЛАПКЕРЛЕР «ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ» ПӘНІН ЕҢ ЖАҚСЫ ТАПСЫРДЫ 02.06.2023

АРАЛЫҚ ҚОРЫТЫНДЫЛАР: ТАЛАПКЕРЛЕР «ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ» ПӘНІН ЕҢ ЖАҚСЫ ТАПСЫРДЫ

Негізгі ҰБТ басталғаннан бері 86 мыңнан астам адам тест тапсырды. Оның ішінде талапкерлердің 74% – ы қазақ тілінде, 26% - ы орыс тілінде, 84 адам ағылшын тілінде тестілеуден өтті.
ҰБТ басталғалы шекті балды 78% - ға жуық талапкер жинады. Орташа балға келетін болсақ, ол 70 балды құрады. Ең жоғары балл – 137, оны өткен аптада бір талапкер жинаған.
Айта кетейік, ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға екі аптаның ішінде 230 талапкер қатысты.
Бүгінгі таңда 92 талапкер смартфон, шпаргалка және басқа да тыйым салынған заттарды алып өту әрекеті салдарынан тест тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін аудиториядан 74 адам шығарылып, олардың нәтижелері жойылды. Бөгде тұлғалар анықталған жоқ.
Айта кетсек, 2023 жылғы ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда түсушінің ҰБТ нәтижелері жойылады.


ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығы