KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Педагогтердің білімін бағалау туралы ақпарат 27.03.2023

Педагогтердің білімін бағалау туралы ақпарат

ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ туралы ақпарат

2023 жылғы 27 наурыздан бастап app.testcenter.kz сайтында ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА өтініштерді қабылдау жүргізіледі.
ПББ-ның өзі 3-22 сәуір аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге қатыса алады:
-мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;
-білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);
-жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;
-қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;
-білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;
-техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;
-педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);
-педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер).

Айта кетейік, ПББ бұған дейін Ұлттық біліктілік тестілеу (ҰБТ(НКТ)) деп аталған.