KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ 20.02.2023

НАУРЫЗ АЙЫНДАҒЫ ҰБТ

        Достар, сіздерге 2023 жылғы наурыз айындағы ҰБТ-ға өтініш беру app.testcenter.kz сайтында 20 ақпан мен 10 наурыз аралығында жүргізілетінін қуанышпен хабарлаймыз.
Тестілеудің өзі 14-30 наурыз аралығында өтеді.
Бұл тестілеуге келесі тұлғалар қатыса алады (ақылы оқуға түсу үшін):
1.мектептің 11 (12) сынып оқушылары;
2.мектеп және колледждің өткен жылғы түлектері, колледждің ағымдағы жылғы түлектері;
3.жоо-ға шартты түрде қабылданған студенттер;
4.шетелде білім алған түлектер, ҚР азаматы болып табылмайтын, шетелде білім алған ұлты қазақ адамдар.
Тестілеуге қатысу құны – 4230 теңге.
Тестіленушілер ҰБТ-ға тіркелу кезінде тестілеу өтетін ОРЫНДЫ, КҮНДІ және УАҚЫТТЫ өз еркілері бойынша таңдайды.
Қосымша сұрақтарыңыз бойынша келесі нөмірлерге хабарласуға болады: +7 (7172) 69 52 80, 69 50 96.