KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Құрметті магистратураға түсушілер! 28.10.2021

Құрметті магистратураға түсушілер!

2021 жылғы 1-15 қараша аралығында app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған екінші мәрте өткізілетін кешенді тестілеуге қатысуға тіркеу жүргізіледі.
Тіркелу барысында Сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.
Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 26 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
КТ-ның шекті балдары келесідей:
Ғылыми-педагогикалық магистратура – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).
Бейінді магистратура- 50 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).
Оның ішінде:
Шет тілі- кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық);
ОДАТ- кемінде 7 балл ;
БББТ бейіні бойынша - кемінде 7 балл (әр пәннен).
ЕСКЕРТУ:
2021 жылы Ережелерді бұзғаны үшін тестілеуге жіберілмеген талапкерлер, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар қайта кешенді тестілеуге қатыса алмайды.
2021 жылғы 20 шілдеден 10 тамызға дейінгі кезеңде өткізілген КТ сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.
КТ-ға қатысу құны 14 693 теңгені құрайды.
Барлығыңызға сәттілік тілейміз!