KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Ұлттық тестілеу орталығы халықаралық конференцияға қатысты 23.10.2020

Ұлттық тестілеу орталығы халықаралық конференцияға қатысты

2020 жылғы 1 – 3 қазан күндері профессор Е.Ы. Бидайбековтың 75 жылдығына және мектеп информатикасының 35 жылдығына арналған «Математикалық модельдеу мен ақпараттық технологиялар білімінде және ғылымында» атты ІХ халықаралық және ғылыми-әдістемелік конференция онлайн режимде өтті.
Конференцияның «Білімді цифрландыру жағдайында педагогикалық өлшеулер» тақырыбындағы секциясына Ұлттық тестілеу орталығы директорының орынбасары Альмира Мұхтарқызы Искакова, Орта білім берудегі тест тапсырмаларын қалыптастыру басқармасының басшысы Назыгүл Тасбалтайқызы Байгелова және Жоғары оқу орындарына түсу емтихандарының тест тапсырмаларын қалыптастыру ғылыми-әдістемелік зертханасының меңгерушісі Дәурен Сайлаубайұлы Смағұлов қатысты.
Орталық қызметкерлері «Ұлттық бірыңғай тестілеу тест тапсырмаларының көпкомпонентті анализі (негізгі блок бойынша)» тақырыбында баяндама оқыды. Онда еліміздегі басты емтиханның тест тапсырмаларына жасалған психометрикалық талдау таныстырылды. Тест тапсырмаларының дифференциялаушы мүмкіндігі, корреляциясы, қиындығы және сенімділігі секілді негізгі сипаттамалары қарастырылды. Баяндамада математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы және Қазақстан тарихы пәні бойынша тест тапсырмалары көрсетіліп, оларды жетілдіру жолдары ұсынылды. Баяндама тыңдаушылар тарапынан қызығушылық тудырып, тақырып аясында қызу талқылау болып өтті.
Айта кетуіміз керек, Ұлттық тестілеу орталығы өзінің қатысуымен өткізетін емтихандар мен ұлттық мониторингтерде қолданылатын тест тапсырмаларының сапасын арттыру мақсатында түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізіп отырады. Қазіргі уақытта Орталық жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында тест тапсырмалары базасын қалыптастыру жұмыстарын жүргізуде.


/press-tsentr/novosti/detail.php