Құрметті талапкерлер!
Сіздер өздеріңіз болашақта жоғары білім алатын ЖОО-ны таңдап қойған боларсыз!
Осы жылы орын алған карантинге байланысты, елімізде құжаттарды тапсыру форматы өзгеріп, онлайн форматқа көшірілді.
Бүгінгі таңда, талапкерлердің көп бөлігі, шамамен 65% Egov электрондық Үкімет порталы арқылы өтініштерін берді.
Сонымен қатар, кейбір үміткерлерде порталмен жұмыс барысында ЭЦҚ алу кезінде қиындықтар туындауда. Одан бөлек, білім беру топтарын таңдау, дайындық бағыттары кескініндегі гранттар бойынша, мемлекеттік тапсырыс берілген ЖОО-лар бойынша, шығармашылық емтихандар мен басымдылық құқық бойынша мәселелер туындауда.
Осыған байланысты құжаттарды қабылдауды а.ж. 30-шы шілдеге (қоса алғанда) дейін ұзарттық, ал жоғары оқу орындарында Виртуалды қабылдау комиссиялары ашылды. Олар арқылы білім беру грантын тағайындау конкурсына қатысуға өтініш беруге де болады.
Сол жерде онлайн режимінде сұрақтарыңызды қойып, құжаттарыңызды тапсыра аласыздар.
Осылайша, Egov электрондық Үкімет порталы арқылы ғана өтініштерді беріп қоймай, ҰТО-ның ақпараттық қызмет көрсету баламалы жүйесі де жұмыс істеуде. Сол арқылы ЖОО-ның виртуалды қабылдау комиссиясының қызметкерлері Сіздердің сұрақтарыңызға жауап беріп, қажетті білім беру тобын таңдауға көмек бере отыра Сізбен бірге өтініштеріңізді толтыратын болады.
ЖОО-лармен қалай байланысуға болады, олардың телефон нөмірлері қандай, виртуалды қабылдау арқылы қалай сұрақ қоюға болады?
Бұл ақпаратты сілтеме арқылы (осы мәтін соңында орналасқан) алуға болады.
Виртуалды қабылдау комиссияларына сілтемелер ЖОО сайттарындағы басты беттерінде де жарияланған!
Өтініш беруде сәттілік тілейміз!