KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-ның онлайн байқау сынағы ТЕГІН болды! 24.03.2020

ҰБТ-ның онлайн байқау сынағы ТЕГІН болды!

Қайырлы күн, достар! Жақсы жаңалық!

Білім және ғылым, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрліктері мен еліміздің байланыс операторларының арасындағы жасасқан меморандумның арқасында, білім беретін 24 сайт шектеусіз (лимитсіз) түрде қолжетімді болатыны барлығымызды қуантқан еді! Осылайша, орын алған жағдайды өзіміздің дамуымызға пайдалы ете отыра қолдану мүмкіндігі туды.
Осындай қиын кезде тасада қалмай, Ұлттық тестілеу орталығы Білім және ғылым министрлігінің бастамасын жалғастырып, testcenter.kz сайтында Ұлттық бірыңғай тестілеудің онлайн байқау сынақтарына тегін дайындалуды қолжетімді етіп отыр.
Оған қоса, тесттер базасы жаңартылып, әрбір пәннен 70 бірегей нұсқа енгізілді.
Қолға алынып отырған шаралар оқушыларға сынаққа жақсылап дайындалып, өз білімдерін әділ көрсетуге мүмкіндік беретініне сенімдіміз!
#BizBirgemiz


Карантинге байланысты Call center (8-8000-80-71-77) 2020 жылғы 30 наурыздан 6 сәуірге дейін жұмыс істемейді. Барлық сұрақтарыңызды біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларда қоя аласыздар.

Карантинге байланысты Call center (8-8000-80-71-77) 2020 жылғы 30 наурыздан 6 сәуірге дейін жұмыс істемейді. Барлық сұрақтарыңызды біздің әлеуметтік желілердегі парақшаларда қоя аласыздар.


Закрыть окно