KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Бүгін магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды 12.12.2023

Бүгін магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды

Бүгін магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттар қабылдау басталды. Ол 19 желтоқсанға дейін жоо-лардың қабылдау комиссиялары (офлайн) арқылы өтеді.
Конкурсқа қатысу үшін тапсыру керек құжаттарды тағы бір мәрте естеріңізге түсіре кетейік:
-жеке куәліктің көшірмесі;
-жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
-КТ сертификаты;
-халықаралық сертификаттар (бар болған кезде).
Атап өтейік, грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады. Ал жоо-ларға қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.
Қапы қалмаңыздар!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу