KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады 04.12.2023

Магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылады

Сіздерге магистратураға түсу үшін грант конкурсына құжаттарды қабылдау 12-19 желтоқсан аралығында жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.

Грант конкурсына құжаттарды қабылдау жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы жүргізіледі.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттар қажет:

-жеке куәліктің көшірмесі;
жоғары білімі туралы құжат (диплом және қосымшасы);
-КТ сертификаты;
-шет тілін меңгергендігін растайтын халықаралық сертификаттар (бар болған кезде).

Құжаттарды тапсыру кезінде түсуші білім беру бағдарламаларының бір тобын және үш ЖОО-ны көрсете алады.

МАҢЫЗДЫ: Грант иегерлерінің тізімі 21 желтоқсаннан кейін жарияланады.

Жоо-ға қабылдау 2023 жылғы 26 желтоқсан мен 2024 жылғы 10 қаңтар аралығында жүргізіледі.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу