KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
TOEFL ІTP халықаралық сертификаты бар докторантураға түсушілердің назарына 27.10.2023

TOEFL ІTP халықаралық сертификаты бар докторантураға түсушілердің назарына

2023 жылғы 25 қазан мен 10 қараша аралығында www.app.testcenter.kz сайтында докторантураға түсу үшін ағылшын тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған ҚОСЫМША ТЕСТІЛЕУГЕ өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

Қосымша тестілеу орны мен уақыты туралы ақпарат 15 қарашада Жеке кабинетте ұсынылады.

ЕСКЕРТУ: Өтініштерді қабылдау базасы жабылғаннан кейін, яғни 10 қарашадан кейін таңдалған тапсыру ҚАЛАСЫ өзгертілмейді.

МАҢЫЗДЫ:

-Тест тапсырмаларының саны – 100.
-Қосымша тестілеу «өтті» немесе «өтпеді» деген нысанда бағаланады.
-«Өтті» деген бағаны алу үшін кемінде 75 балл жинау керек.

Тестілеу құны – 14 162 теңге.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу