KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
25 қазан мен 10 қараша аралығында  магистратураға түсуге арналған  кешенді  тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі 26.10.2023

25 қазан мен 10 қараша аралығында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізіледі

Құрметті магистратураға түсушілер!

Сіздерге 2023 жылғы 25 қазан мен 10 қараша аралығында www.app.testcenter.kz сайтында магистратураға түсуге арналған КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУГЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАБЫЛДАУ жүргізілетінін хабарлаймыз.
Кешенді тестілеудің өзі қараша-желтоқсан айларында өтеді (қосымша хабарланады).

Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (қаланы) өзіңіз таңдайсыз.

‼️Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 15 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады. Айта кетейік, сіздерге өтініштерді қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін, яғни 10 қарашаға дейін білім беру бағдарламаларының тобына, тест тапсыру тілі мен орнына (қаласына) өзгеріс енгізуге мүмкіндік беріледі.

КТ-ның шекті балдары келесідей:
Ғылыми-педагогикалық магистратура – 75 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).
Бейінді магистратура – 50 балл (мемлекеттік грант бойынша және ақылы негізде оқуға түсу үшін).

Оның ішінде:
-Шет тілі – кемінде 25 балл (ғылыми-педагогикалық);
-ОДАТ – кемінде 7 балл;
-БББТ бейіні бойынша – кемінде 7 балл (әр пәннен).


КТ-ға қатысу құны 14 693 теңге.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу