KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
2023 жылғы 25 қазанда докторантураға түсу емтиханына өтініштерді қабылдау басталды 24.10.2023

2023 жылғы 25 қазанда докторантураға түсу емтиханына өтініштерді қабылдау басталды

Болашақ докторанттарға арналған ақпарат!

2023 жылғы 25 қазанда докторантураға түсу емтиханына www.app.testcenter.kz сайты арқылы өтініштерді қабылдау басталды. Тіркелу 10 қарашаға дейін жүргізіледі.
Түсу емтихандары қараша-желтоқсан айларында өтеді (қосымша хабарланады).
Тіркелу барысында сіз тестілеудің ОРНЫН (ҚАЛАСЫН) өзіңіз таңдайсыз.
Тестілеу ОРНЫ мен УАҚЫТЫ туралы ақпарат 23 қарашада түсушінің Жеке кабинетінде қолжетімді болады.
Өтініш бергеннен кейін түсушіге емтихан тапсыру қаласына немесе тіліне, сондай-ақ білім беру бағдарламаларының тобына өзгеріс енгізу қажет болған жағдайда 10 қарашаға дейін (бұл күні база жабылады) өтінішті түзетуге және өшіруге мүмкіндік беріледі.
Түсушілер міндетті түрде мемлекеттік және шет тілдерін меңгергендігін растайтын сертификаттарды ұсынуы керек.

‼️ЕСКЕРТУ:

-2023 жылы (жазғы тестілеу) Ережелерді бұзғаны үшін емтиханға жіберілмеген талапкерлер, сондай-ақ нәтижелері жойылған тұлғалар қайта докторантураға түсу емтиханына қатыса алмайды.
-4-20 тамыз аралығында өткізілген түсу емтиханының сертификаты күнтізбелік жылдың 1 желтоқсанына дейін жарамды.

Түсу емтиханына қатысу құны 21 072 теңгені құрайды.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу