KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН БАЙҚАУ СЫНАҚТАРЫ (ПРОБНЫЕ) 17.10.2023

ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДЫҚҚА АРНАЛҒАН ОНЛАЙН БАЙҚАУ СЫНАҚТАРЫ (ПРОБНЫЕ)

Құрметті достар, сіздерге 2024 жылғы ҰБТ-ға дайындыққа арналған байқау сынақтары іске қосылғанын хабарлаймыз.

Байқау сынағынан www.app.testcenter.kz сайты арқылы өтуге болады.

Ол үшін:

  • testcenter.kz сайтында тіркеліп, Жеке кабинетіңізге кіріңіз;
  • «Байқау сынағы» бөлімін таңдаңыз;
  • Тестілеу мүмкіндігін сатып алу батырмасын басып, төлем жасаңыз.

Байқау сынағының құны – 602 теңге.

Естеріңізге сала кетейік, ҰБТ-ның жаңа форматына сәйкес бейіндік пәндердің сұрақтар саны артып, 40 тест тапсырмасынан тұрады. Атап өтсек, оларға сәйкестікті анықтауға арналған 5 жаңа типтегі тапсрыма қосылды.

Барлығыңызға сәтті дайындық тілейміз!


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу