KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Құрметті достар! 10.10.2023

Құрметті достар!

Сіздерге тестологиядан оқыту курсына конкурстық іріктеу нәтижелері 17 қазанда белгілі болатынын хабарлаймыз.

Тізім www.testcenter.kz сайтында жарияланады.

Жалпы нәтижелеріне тоқтала кетсек:

Конкурсқа 1598 үміткер өтініш берді;

881 үміткер тестілеу тапсырды;

Қатысушылардың көбі, яғни 177 адам – Алматы, 173 адам – Астана және 93 адам – Шымкент қалаларынан болды. Мамандықтар бойынша тестілеу тапсырғандардың басым көпшілігі математика пәнінің мұғалімдері – 169 педагог, одан кейін қазақ тілі пәнінің мұғалімдері – 102, сондай-ақ химия пәнінің мұғалімдері – 86 педагог.

Айта кетейік, курс қорытындысы бойынша қатысушылар ҰТО жобаларына қатысуға мүмкіндік беретін халықаралық сертификат алады.


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу