KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ! 15.08.2023

ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ!

2023 жылғы 15-20 тамыз аралығында app.testcenter.kz сайтында ПЕДАГОГТЕРДІҢ БІЛІМІН БАҒАЛАУҒА өтініштерді қабылдау жүргізіледі.

ПББ-ның өзі 21-28 тамыз аралығында өтеді.

Бұл тестілеуге қатыса алады:

мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарының педагогтері;

білім беру ұйымдарының әдіскерлері (әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) әдіскерлерінен басқа);

жалпы орта білім беру ұйымдарының педагогтері;

қосымша білім беру ұйымдарының (интернаттық ұйымдардың, жатақханалардың тәрбиешілері, арнайы ұйымдардың тәрбиешілері үшін) педагогтері;

білім беру ұйымдарының, әдістемелік кабинеттердің (орталықтардың) басшылары;

техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының ( жалпы білім беретін пәндер бойынша, сондай-ақ жалпы кәсіптік және арнайы, жалпы гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндер бойынша) педагогтері;

педагогикалық бағыттар бойынша жоо және колледж бітіруші түлектері (бакалавриат-күндізгі, бакалавриат-қысқартылған, магистратура);

педагогикалық (мамандықтар) бағыттар бойынша техникалық және кәсіптік, жоғары және/немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тәжірибесі жоқ кандидаттар (оның ішінде 2022 жылғы түлектер);

педагогикалық қызметті қайта жалғастырғысы келетін тұлғалар.





Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу