KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
«Қазақстан халқына» білім беру гранттары бойынша ақпарат 07.08.2023

«Қазақстан халқына» білім беру гранттары бойынша ақпарат

Құрметті достар, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры 2023-2024 оқу жылына 850 білім грантын бөлді.

Алдымен бұл бағдарлама бойынша кімдер конкурсқа қатыса алатынын айта кетейік:

Ағымдағы жылы ҰБТ тапсырған (қаңтар, наурыз, негізгі және тамыз ҰБТ сертификаттарының бірін ұсынуға болады) және жоо-ға түсу үшін шекті балдарды жинаған түлектер:
-ауылдық жерлердегі, шағын және моноқалалардағы жағдайы төмен отбасылардан шыққан тұлғалар;
-жетім балалар немесе кәмелетке толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар;
-мүгедектігі бар азаматтар;
-мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасылар;
-2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде қаза тапқан ҚР азаматтарының балалары;
-2022 жылғы қайғылы қаңтар оқиғалары кезінде жараланған балалар;
-төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккен Қазақстан Республикасының қаза тапқан азаматтарының балалары.

Бағдарламаға қатысудың шекті жасы толық 29 жасты құрайды.

Өтініш беру мерзімі: 10-17 тамыз.
Құжаттарды жоо-лардың қабылдау комиссиялары арқылы тапсыру керек.
МАҢЫЗДЫ: Грант иегері оқуын аяқтағаннан кейін оны өтеуге міндетті емес.
Толық ақпарат @qazaqstanhalqyna.kz қорының сайты мен әлеуметтік желілерінде жарияланған.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу