KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге   республика бойынша 42 569 өтініш келіп түсті 17.07.2023

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге республика бойынша 42 569 өтініш келіп түсті

2023 жылғы 1 маусым мен 15 шілде аралығында магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеуге өтініштерді қабылдау жүргізілді.

Нәтижесінде республика бойынша 42 569 өтініш келіп түсті.

Ең көп таңдалған білім беру салалары:

-Педагогикалық ғылымдар;
-Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары;
-Бизнес, басқару және құқық.

КЕШЕНДІ ТЕСТІЛЕУДІҢ КҮНІ, УАҚЫТЫ, ОРНЫ туралы ақпарат жеке кабинетіңіздің «Менің іс-әрекетім» бөлімінде 18 шілде жарияланады. Мұқият болып, өткізіп алмаңыздар!

Айта кетейік, тестілеуге жеке басын куәландыратын құжатпен кіргізеді (жеке куәлік немесе паспорт).
Сіздерге сәттілік!

КТ стастистика


Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу