KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
GRE және GMAT халықаралық сертификаттар балдарын КТ балдарына ауыстыру шкаласы туралы 21.06.2023

GRE және GMAT халықаралық сертификаттар балдарын КТ балдарына ауыстыру шкаласы туралы

2.jpg

3.jpg


GRE және GMAT халықаралық сертификаттар балдарын КТ балдарына ауыстыру шкаласын ұсынамыз.

GRE стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде

-«Педагогикалық ғылымдар»,
-«Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика»,
-«Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар»,
-«Инженерлік, өңдеу және құрылыс саласы», 
-«Гуманитарлық ғылымдар», 
-«Әлеуметтік ғылымдар», 
-«Бизнес және басқару»
 
бойынша магистратураға түсушілер 
-оқыту қазақ немес орыс тілінде жүргізілетін ҒЫЛЫМИ-ПЕДАГОГИКАЛЫҚ магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тестен және шет тілі бөлімінен; 
-оқыту қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілетін БЕЙІНДІ магистратуруға КТ оқуға дайындығын айқындауға арналған тестен өз қалауымен босатылады.

КТ-ға тіркелу кезінде GRE сертификатының мәліметтерін енгізіп, жүктеу қажет. Конвертация грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу үшін өтініш берілгеннен кейін жүзеге асырылады.

GMAT стандартталған тестін тапсыру туралы халықаралық сертификаты болған кезде «Бизнес және басқару» бойынша магистратураға түсушілер КТ тапсырудан өз қалауымен босатылады. GMAT иегерлері сертификатты грант конкурсына қатысу немесе ақылы негізде оқу үшін жоо-ның қабылдау комиссиясына тапсыру керек.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу