KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Астана және Шымкент қалаларында жаңа тестілеу пункті қосылды 13.05.2023

Астана және Шымкент қалаларында жаңа тестілеу пункті қосылды

Сіздерге бұған дейін Астана және Шымкент қалаларында жаңа тестілеу пункті қосылғанын хабарлаған болатынбыз.
Олардың мекенжайымен таныс болсаңыздар:
Астана қ., Қайым Мұхамедханов көшесі, 37А (Қазақ технология және бизнес университеті);
Шымкент қ., Тәуке хан көшесі, 5 (М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті).
Сондай-ақ Түркістан облысы Сайрам ауданында жаңа тестілеу пункті ашылғанын айтып өтейік.
Ол Түркістан облысы, Сайрам ауданы, Ақсукент ауылы, Шахабаддин көшесі, 140А мекенжайы бойынша орналасқан.
Егер бұл тестілеу орны сіздің тұрғылықты жеріңізге жақын болса, онда өтініш беру сайтында осы пункті таңдасаңыздар болады.

Ал Ақтөбелік тест тапсырушыларға Ақтөбе қаласындағы тестілеу пунктінің жаңа мекенжайын естеріне сала кетейік:
Ақтөбе қ., Есет-Батыр к-сі, 107 үй, 2 корпус.

Мұқият болып, мекенжайларды шатастырып алмаңыздар! Сәттілік!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу