KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Тегін байқау сынағының базасы жаңартылды 11.05.2023

Тегін байқау сынағының базасы жаңартылды

Біз арнайы сіздер үшін негізгі ҰБТ-ның алдында тегін байқау сынақтарының базасын жаңарттық.
Тестілеу онлайн форматта www.prob-ent.testcenter.kz сайтында жүзеге асырылады.

Жаңа нұсқалар бойынша байқау сынағынан өту үшін:

көрсетілген сайтқа кіріңіз;
ЖСН жазып, «АРЫ ҚАРАЙ» деген батырманы басыңыз. Құпия сөз қажет емес.

Естеріңізге сала кетейік, негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау 14 мамырға дейін жүргізіледі.
Тестілеудің өзі 16 мамыр мен 5 шілде аралығында өтеді. Барлық талапкер ҰБТ-ны 2 рет тапсырып, ең жақсы нәтижемен грант конкурсына қатыса алады. Сондықтан бұл мүмкіндікті өткізіп алмаңыздар!

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу