KZ RU EN
Ұлттық тестілеу орталығы
Шетелде білім алған мектеп бітірушілері (Қазақстан Республикасының азаматтары) 03.05.2023

Шетелде білім алған мектеп бітірушілері (Қазақстан Республикасының азаматтары)

Сіздер ҰБТ-ны жылына 4 рет тапсыра аласыздар: НАУРЫЗ, МАМЫР-МАУСЫМ (негізгі ҰБТ деп аталып, қатысуға 2 мүмкіндік беріледі) және ТАМЫЗ айларында.
Қазіргі таңда негізгі ҰБТ-ға өтініштерді қабылдау жүріп жатыр. Яғни, 28 сәуір мен 6 мамыр аралығында 1 мүмкіндікке, 7-14 мамыр аралығында 2 мүмкіндікке өтініш беруге болады.  

Сіздер ҰБТ-ға өтініш беру үшін тіркелу сайтында «Шетелде білім алған мектеп бітірушілері» блогын таңдайсыздар.
МАҢЫЗДЫ: Өтініш беретін кезде «ОҚУ ОРНЫНДА» тек білім алған МЕМЛЕКЕТТІҢ атауын ғана көрсетесіздер. МЕКТЕПТІҢ атауы сұралмайды.

Жаңалықтар тізіміне қайтып оралу